Download Kuran.kz on the App Store Kuran.kz on Google Play
سورة الفاتحة
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ (١)
(1) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (٢)
(2) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.
الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ (٣)
(3) Аса қамқор, ерекше мейірімді.
مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ (٤)
(4) Қиямет күнінің иесі.
إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ (٥)
(5) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!
اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (٦)
(6) Бізді тура жолға сала көр!
صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (٧)
(7) Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!