Download Kuran.kz on the App Store Kuran.kz on Google Play
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ (٦)
(6) (Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді,
خَتَمَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَعَلَىٰ سَمْعِهِمْ ۖ وَعَلَىٰ أَبْصَارِهِمْ غِشَاوَةٌ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ (٧)
(7) Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар.
وَمِنَ النَّاسِ مَن يَقُولُ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَا هُم بِمُؤْمِنِينَ (٨)
(8) Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді.
يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَمَا يَخْدَعُونَ إِلَّا أَنفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ (٩)
(9) Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді.
فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ فَزَادَهُمُ اللَّهُ مَرَضًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ (١٠)
(10) Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ قَالُوا إِنَّمَا نَحْنُ مُصْلِحُونَ (١١)
(11) Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді.
أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ الْمُفْسِدُونَ وَلَٰكِن لَّا يَشْعُرُونَ (١٢)
(12) Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді.
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُوا كَمَا آمَنَ النَّاسُ قَالُوا أَنُؤْمِنُ كَمَا آمَنَ السُّفَهَاءُ ۗ أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ السُّفَهَاءُ وَلَٰكِن لَّا يَعْلَمُونَ (١٣)
(13) Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», - делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді.
وَإِذَا لَقُوا الَّذِينَ آمَنُوا قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَوْا إِلَىٰ شَيَاطِينِهِمْ قَالُوا إِنَّا مَعَكُمْ إِنَّمَا نَحْنُ مُسْتَهْزِئُونَ (١٤)
(14) Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер.
اللَّهُ يَسْتَهْزِئُ بِهِمْ وَيَمُدُّهُمْ فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ (١٥)
(15) Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды.
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ اشْتَرَوُا الضَّلَالَةَ بِالْهُدَىٰ فَمَا رَبِحَت تِّجَارَتُهُمْ وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ (١٦)
(16) Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады.